Павлодар облысында ер адам комбайнның астында қалды

Жарияланды
Науқас ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында суармалы алқапта ер адам комбайнның астында қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ақсу ауданының Еңбек ауылына жақын орналасқан суармалы алқапта жазатайым оқиға болды. Картоп жинау кезінде картоп жинайтын комбайнда жұмыс істейтін 59 жастағы ер адам абайсыздан комбайн астына түсіп кетті. 
Нәтижесінде түрлі жарақаттар алған ер адам Ақсу ауруханасына жеткізілді.

Апат фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
 

Сондай-ақ оқыңыз