Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен гүл сататын дүкенге шабуыл жасады

Келтірілген шығын сомасы 40 мың теңге

Фото: Ғаламтордан

Өскемен қаласында ойыншық тапаншамен гүл сататын дүкенге шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Полиция қызметкерлері гүл сататын дүкеннің сатушысын тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 40 мың теңге алып, бой тасалаған күдікті ер адамды ұстады. Сатушы қылмыс жасалғаны туралы полицияға хабарлаған. Дүкен ішінде видеокамера болмаған. Дегенмен, «Сергек» аппараттық-бағдарлама кешенінің және зардап шегушінің күдіктіні сипаттап беруінің арқасында Өскемен қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оны анықтап, ұстады. Ұсталған адамнан қара түсті ойыншық тапанша мен ақша қаражаты тәркіленді», - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымбек Тұрысбеков.

Ұсталған 40 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif