Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С болғанда басталады

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің  дайындығы 90%-дан жоғары

Фото: Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің сайты

Нысандарға бекітілген кесте бойынша дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Елордада жылыту маусымы көшедегі орташа ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады.

 "ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі брйынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде.

Көп пәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90%-дан жоғары. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif