Нұр-Сұлтанда жылы аялдамалар ашылды

Павильондар санитарлық өңдеуден өтіп, тазартылуда

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты

Күннің күрт суығанына байланысты павильондарды ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ауа-райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтанда жылы аялдамалар мерзімінен бұрын ашылды. Қазіргі уақытта павильондар санитарлық өңдеуден өтіп, тазартылуда.

 «Ауа температурасының төмендеуіне байланысты, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштері бойынша жылы павильондарды ашу туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Басқарма аялдама павильондарының бұрын карантинге жабылғанын атап өтті. Басқарманың мәліметінше, елордада 1307 аялдама бар, оның 1010-ы павильондармен жабдықталған, 105-і жылытылған.



 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif