Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар анықталды

«Электрондық еңбек биржасы» порталында 6 096 бос жұмыс орны орналастырылған

Фото: Shutterstock

Бүгінде елордада құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға сұраныс бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

 «Электрондық еңбек биржасы» порталында 700-ден астам жұмыс берушіден 6 096 бос жұмыс орны орналастырылған.

Құрылыс саласында жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтар - инженер-сметашы, прораб, шебер, әр түрлі жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электриктері, ӨТБ инженері.

Сауда саласы бойынша мына кадрлардың тапшылығы байқалады: сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы.

Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике / аға, санитар (ка) мамандықтары сұранысқа ие.

Жұмыспен қамту Орталығының базасында жастарға арналған – 1 894 бос жұмыс орны, тұрғын үй берілетін – 660 бос жұмыс орны, бұл жерде әсіресе құрылыс саласындағы бос жұмыс орындарына басымдылық етіледі, ыңғайлы кестесі бар- 38 бос жұмыс орны бар.

Сондай-ақ, елордалық жұмыспен қамту Орталығы Жұмыспен қамтудың Жол картасы және «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары аясында бос жұмыс орындарын ұсынады.

Бос жұмыс орындарының тізімі Орталықтың www.cz.astana.kz. ресми сайтында жарияланған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif