Нұр-Сұлтанда бала күтушісі ұры болып шықты

Жарияланды
Ол құнды заттарды ұрлап, ломбардқа өткізген

Нұр-Сұлтанда бала күтуші болып жұмыс істеген қыз үй иесінің құнды заттарын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Қала тұрғыны полицияға арызданып, пәтерінен алтын бұйымдарының, қаракүзен ішігі мен ақша қаражатының ұрланғаны туралы арызданды. Әйелдің айтуынша, құнды заттарының жоғалуына отбасында жұмыс істейтін 21 жастағы қызға күдік бар. Күдікті отбасында осы жылдың қаңтарынан бала күтушісі болып жұмыс істеген. Бала күтушісі алтын бұйымдарды, қаракүзен ішігін және 600 долларды шілде айының соңында ұрлағаны, алайда үй қожайындары заттардың жоғалғанын таяуда ғана анықтағаны белгілі болды», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Осы уақытқа дейін күдікті аталған отбасыда бала күтушісі ретінде жұмыс істеп келген. Ұрланған заттарды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп, түскен қаражатты өз қажетіне жаратқан. 

 

Сондай-ақ оқыңыз