ҚР Азаматтық заңнамасын бұзған Ресей азаматшасы ұсталды 

Жарияланды
Ол  Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды

Павлодар облысының Шарбақты автобекетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде Ресей азаматшасы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Әйел адам  2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдары хабардар етпеген. Осы  іс-әрекеті үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудандық соттың шешімі бойынша ол  Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз