ХҚО-лар сенбі күні қызмет көрсете бастайды

Сенбі күні 18:30-ге дейін қабылдайды

Фото:«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспа сөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының  бас санитарлық дәрігерінің шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспа сөз қызметі хабарлады.

 Енді  олар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі 09:00-ден  18:30-ге дейін қабылдайтын болады. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі 09:00-ден 14:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға тек дүйсенбі-жұма күндері аралығында жүгіне алатын. Сол себепті  осы күндері жұмыс істейтін азаматтардың жұмыстан тыс уақытты таңдау мүмкіндігі шектеулі болды.Қызмет көрсету уақытының ұзаруы мемлекеттік қызмет көрсету процесін бірқалыпты етіп, елорда тұрғындарының сұранысына жауап беруге мүмкіндік береді.  

Ал автоХҚО-ның жұмыс уақыты өзгеріссіз қалды. Көлік  құжаттары  жұмыс және сенбі күндері 09.00-ден 18:00-ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09.00-ден 20.00-ге дейін берілетін болады.

Сондай-ақ, әлі де карантин талаптарын сақтау сұралатындықтан, ХҚО-да алдын ала брондау арқылы тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі.  Қызмет алушылар ХҚО-дағы кезек уақытын egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif