Қазақстанға Швейцариядан 390 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды

Активтерді қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген

Фото: Shutterstock

Қазақстандық прокурорлар 390 млн теңгеден астам қаржыны Швейцариядан қайтарды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн. теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн.теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн.теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif