Қазақстанда жұмыссыздардың қатары көбейіп барады

Жарияланды
Ресми статистика бойынша, елдегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жеткен

Қазақстанда жұмыссыздардың саны артып барады. Былтыр бұл көрсеткіш 4,8 пайыз болса, биыл ол 5 пайызға жетті, деп хабарлайды finprom.kz. 

Қазіргі кезде елімізде екі қолға бір күрек таба алмай  жүрген ер кісілердің қатары  216,3 мың болса,  әйелдердің саны 237,7 мыңды құрады. Яғни ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрап,  әйелдер арасында 5,4%-дан асқан.  

Қалаға қарағанда жұмыссыздық деңгейі ауылда төмен.  Айталық, ауылдарда жұмыссыз  жүргендердің қатары 174,7 мың  болса, қалаларда  279,2 мың адам тұрақты жұмыс таба алмай жүр. 

Алматы қаласы, Алматы облысы мен Түркістан облысында бос жұргендердің қатары көп. Алматы қаласында 54 мың адам жұмыссыз, яғни бір жыл ішінде олардың қатары 7,3 пайызға өскен. Ал Алматы облысында – 49,9 мың, Түркістан облысында – 42,3 мың адамның жұмысы жоқ.

Еңбекке қабілетті адамдардың жұмыссыз жүруіне себеп көп.  Мәселен 100 мыңнан аса азамат істейтін тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Тағы да 97,2 мың адам жұмыстан өз еркімен кетсе, енді бір бөлігі қысқарып қалған. 

Сондай-ақ оқыңыз