Қазақстанда жәрдемақының екі түрі бойынша 243 миллиардтан астам теңге төленді

Төлемдер қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен бөлінді

Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты

2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 193,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 49,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

2020 жылғы тамыз айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,3 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 6,1 млрд теңге бағытталды.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 533,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны   156,6 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2020 жылғы 1 қыркүйекке мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 45 651 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 38 850 теңгені құрады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif