Қазақстанда контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі 37%-ға артты

Бұл өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Биыл 8 айдағы еліміздің өнеркәсіп саласындағы жұмыс нәтижелері туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Министр хабарлағандай, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,4% өсті. Тау-кен өндіру секторында түсті кендерді өндіру құрамында алтын бар кенді өндіруді артуы есебінен 1,4% өсті. Темір кен өндіру көлемі 0,9% өсті. Көмір өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты өсім 1,2% құрады.

  «Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,3% өсті. Түсті металлургияда өндіріс көлемі тазартылған алтын өндіру көлемін 3%, бастапқы алюминийді 1%, құйма алтын 30%, түйіршіктердегі күміс 28% және басқа да көрсеткіштердің өсуіне байланысты нақты көлем индексі 2,7% артты», - деді Атамқұлов.

Қара металлургияда нақты көлем индексі 97,8% құрады. Бұл көрсеткіш болаттың, рельстердің, болат құбырлардың, шойын өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты болды.

Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1% өсті. Бұл дезинфекциялық құралдар және минералды тыңайтқыштардың өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

  «Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 16,3% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 51,8%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 2,8%, өзге көлік құралдарын жасау 101,4%, электр жабдықтарды жасау 0,2% өсті», - деді министр.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 34,1% артты. «СҚ-Фармация» дистрибьюторы арқылы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу көлемі ұлғайтылды.  

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 11% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 7,2% және былғары өнімдердің 66,2% ұлғаюына байланысты болды.

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 83,9% құрады. Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артып, 564 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Ведомство басшысы хабарлағандай, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2,5 млрд тоннаны құрап, 7,5% төмендеді.

   «Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 106,5% құрады. Өсім құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. 16 өңірде оң динамика байқалады», - деді министр.

Тұрғын үй құрылысында биыл 8 айдың қорытындысында 8 млн 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,4%. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 71 457 баспана пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы 14 өңірде байқалады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif