Қазақстанда 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Жарияланды
97 адамның жағдайы нашар

Қазақстанда 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз