Қазақстан халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұрады

Түркияға ұшатын рейстер де қысқартылмақ

Фото: Shutterstock

Шетелдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты, Денсаумин халықаралық әуе қатынасын қалтына келтіруді тоқтата тұруды ұсынып отыр. Бүгін үкімет отырысында коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды баяндаған министр Алексей Цой індеттің таралуының алдын алу үшін осындай қадамға бару керек деп тұжырымдады. 

Оның айтуынша, дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтыру мен соның салдарынан болған өлім-жітім саны артып келеді. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде, оның ішінде Беларусь Республикасы, Германия, Түркия мен Ресей Федерациясында инфекция жұқтырғандардың қатары көбейіп келеді, ал Қазақстан осы елдермен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіріп жатыр. 

«Шетелдегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияны әкелу мен оның таралуының алдын алу мақсатында,  5 қазаннан бастап:
➢    басқа елдермен әуе қатынасын қалпына келтіруді тоқтата тұру;
➢    әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейс санын арттырмау;
➢    Түркияға ұшатын рейс санын азайтуды ұсынамыз»,  – деді министр. 

Сонымен қатар, екінші санаттағы елдерден (БАӘ, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Германия) келетін адамдарға қойылатын міндетті талаптар да күшейтілетін болады. Осы аталған елдерден келетін жолаушының қолында ары кетсе үш күн бұрын  алынған, COVID-19-ға тексерілгені жайлы анықтама болуы тиіс. Бұндай анықтамасы жоқ азаматтар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшінкарантин стационарында   2 тәулікке оқшауланады.

ЕАЭО елдері және Өзбекстанмен арадағы автоөтпе жолдың өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға дәл осы талап қойылады

Айта кетейік, Қазақстан тамыз айының соңында төрт елге, алты бағыт бойынша әуе қатынасын жаңғыртты: БАӘ, Германия, Беларусь және Украина. Ал 11 қыркүйектен бастап Air Astana ұшақтары Алматыдан – Ташкентке және кері ұша бастады. 21 қыркүйектен Ресейге апта сайынғы рейстер ұша бастады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif