Францияда коронавирусты тәулігіне 16 мыңнан астам адам жұқтыруда

Жарияланды
Бір күнде бұл елде 52 науқас індеттен  қайтыс болды

Францияда коронавирусты  жұқтырған санының рекордтық өсімі тіркелді. Тәулігіне 16 096 жаңа жағдай анықталды.

Сондай-ақ тәулігіне коронавирусты науқастар арасында 52 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері елде 497 мың адам инфекцияны жұқтырды. Жазылғандар саны -94 41 адам.  31 511 адам қайтыс болды.

Әлемде коронавирусты 32,1 миллион адам жұқтырды. 22,1 миллион адам індеттен жазылды. 980 мың адам қайтыс болды.

Бұған дейін Франция, Ұлыбритания, Израиль, Армения, Венгрия, Австрия, Грузия, Украина, Түркия, Әзірбайжан коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындалып, шектеу шараларын енгізгені туралы хабарланған болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз