Еуропа мен Азия елдерінде індет қайтадан өрши бастады 

Жарияланды
Профессор Алмаз Шарман азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы айтып, алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды.  Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Профессор айтқандай, пандемия әр уақытта әр елде әр түрлі көрініс тапты.

 «Індетті сәтті жеңіп шыққан Жаңа Зеландия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер бар. Бірақ Италия, Испания, Америка Құрама Штаттары сияқты кейбір елдерде өлім мен аурудың жоғары деңгейде болды», — деді Алмаз Шарман. 

Оның айтуынша, бұл оңтүстік жарты шардағы Аргентина, Чили, Оңтүстік Африка, Австралия сияқты елдердегі жағдай. Олар қыс мезгілінен аман өтіп, көктем мезгілі басталып жатыр.

Алмаз Шарман сонымен бірге адамзат қазір «ковидтен кейінгі жағдай» жаңа феноменімен бетпе-бет келіп жатқанын қосты. Covid-19-бен ауырған науқастарда біраз уақыттан кейін басқа асқынулар пайда болады. Бұл әлсіздік, созылмалы шаршау синдромы, неврологиялық, жүрек және басқа белгілер. 

 «Бүкіл әлем дәрігерлері өте маңызды, кең ауқымды проблемаларға тап болды. Сондықтан, күзгі-қысқы маусымда және болуы мүмкін коронавирустың екінші толқынын адамдар мұның бәрін байыпты қабылдауы керек. Жаңа індеттер Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінде пайда болады. Бұл күзгі кезеңге, күннің салқындауына байланысты. Қазір көп нәрсе біздің өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Біз арақашықтықты сақтап, маска тағып, жалпы гигиена ережелерін сақтауды жалғастырамыз. Сондықтан егер Қазақстанда эпидемияның екінші толқыны болатын болса, оның қаншалықты қауіпті болатыны тікелей өзімізге байланысты болмақ», — деді Алмаз Шарман.
 

Сондай-ақ оқыңыз