Эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, мектептерді ашуға әлі ерте

Жарияланды (жаңартылды )
Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, мектептерді ашуға әлі ерте. Оқу жылын дәстүрлі форматта бастаған бірқатар мемлекет білім ошақтарын карантинге жауып, қайтадан қашықтан оқуға көшіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес 2020-2021 жылдарға арналған оқу процесін ұйымдастыру туралы» брифингке қатысқан шенеуніктер осылай деп мәлімдеді. 

«Мектептердің қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім, балалардың, мұғалімдердің денсаулығын қорғау үшін қабылданған. Мамыр айында карантин біткен соң, балабақшаларда кезекші топтар ашылғаны белгілі. Соның нәтижесін ел астанасы мен бірқатар облыстарда балабақша балаларының арасында коронавирус жұқтырғандар анықталып, карантинге жабылған», – деді Ералы Тоғжанов.

Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты дей келе ауру мен өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келе жатқанын айтып өтті. Осы уақытқа дейін 2400 ден аса бала коронавирус жұқтырған, 34-і ем алып жатыр. 

Мектептерді дәстүрлі оқу форматына көшірудің бірінші кезеңінде шағын мектеп оқушыларының мектепке барып оқуына рұқсат етілген. Қазіргі кезде 2,6 млн бала қашықтан оқыса, 800 мыңнан аса оқушы мектепте білім алып жүр. Кезекші сыныптарға 540 мыңнан аса бала барады. Бұл –  елдегі бүкіл оқушының 24 пайызы. Енді екінші кезең бойынша ұсыныстар дайындалып, үкімет қарауына ұсынылған. Әзірге балалар қашықтан оқуын жалғастыра береді.

«Ата-аналар өздері келісетін болса, 1-4 сынып оқушыларын  балаларды 100 пайыз қабылдауға дайынбыз. Бірақ солай дегеннің өзінде, кезекші сыныпқа барып жатқан бала саны 50 пайызға да жетпейді. Балабақшаларға, кезекші топтарға балалардың 30%-ы ғана келіп отыр», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Бұл форматты әлемдегі 100 ден аса ел қолданып отыр. Кеше БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова қазіргі таңда дәстүрлі оқыту форматына ауыстырудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатқаны мәлімдеген болатын

Сондай-ақ оқыңыз