Елордалық өрт сөндірушілер 12 адамды құтқарды

Жарияланды
25 адамды эвакуациялады

Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Бұқарбай батыр көшесіне шақыру бойынша шықты.Бұл туралы  ТЖК баспасөз​ қызметі хабарлады.

Елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда кіреберістен қатты түтін шығып жатты. Сол себепті өрт сөндірушілер дереу азаматтарды эвакуациялауға кірісті.

Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер 25 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, 12 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарыды. Қаза болғандар жоқ. Орташа ауырлықтағы улы газдан уланған 1939 жылы туған әйел адам №1 қалалық ауруханаға және 2004 жылы туған қыз бала №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

Өрт ас үйде орын алды, онда ас үй керек-жарақтары және ішінара жиһаз-жанған. Өрт шығуының алдын ала себебі – отты абайсыз пайдалану.

Құрметті азаматтар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді:

– үйден шыққан кезде барлық электр және жылыту құрылғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
– стандартты емес, қолдан жасалған және ақауы бар электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;
– зақымдалған розеткаларды пайдаланбаңыз;
– сіріңкелер мен өртегіш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз, жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамаңыз;
– балкондар мен лоджияларды жанғыш материалдармен, ескі жиһаздармен толтырмаңыз;
– төсекте темекі шекпеңіз;
 

Сондай-ақ оқыңыз