Еліміздің фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1 пайызға өсті

Жарияланды
Қазақстан дәрілік заттардың 922 түрін шығарады

Бүгінде елімізде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады. Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Індет басталғалы бері жеке қорғаныс құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есе артты. Осылайша, бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар қайта пайдаланылатын қорғаныш костюмдерімен (айына 504 мың дана) және медициналық қолғаптармен (айына 330 мың дана) қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ медициналық бетперделер деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуде (күніне 1,2 млн.дана).

2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медициналық өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында келесі шаралар жүзеге асады:

Бірінші. Фармацевтика саласының өндіріс көлемін 2 есеге арттыру (92 млрд. теңгеден 184 млрд. теңгеге дейін);
Екінші. Дәрі-дәрмектердің экспорт көлемін 2 есеге немесе  116 млн. АҚШ долларына дейін арттыру;

Үшінші. Медициналық бетперделерді шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығын тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізу. 

Төртінші. 2021 жылдың 1 тоқсанына қарай қорғаныс костюмдерін өндіру қуатын 500 мың 1 миллион данаға дейін жеткізу.
 

Сондай-ақ оқыңыз