Елімізде бір тәулікте 60 адам коронавирус жұқтырған

Жарияланды
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106 361 жетті

Қазақстанда өткен тәулікте 60 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 4
Алматы қаласы – 4
Ақмола облысы – 3
Алматы облысы – 3
Атырау облысы – 6
Шығыс Қазақстан облысы – 15
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 8
Қарағанды облысы – 5
Қостанай облысы – 3
Павлодар облысы – 4
Солтүстік Қазақстан облысы – 4

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106361.

Сондай-ақ оқыңыз