Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары түрік арнасынан көрсетіле бастады

Жарияланды
Димаштың әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі

Түркияның «TMB TV» ойын-сауық арнасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары көрсетіле бастады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды. 

   «Менің видеоларымды түрік музыка арнасынан тамашалауға болады. Бәріңізге іске сәт!» деп жазды Димаш Instagram парақшасында. 

«TMB TV» – түрік ойын-сауық арнасы 2009 жылы құрылды. Негізін қалаған Самир Гурбановтың негізгі мақсаты – күллі әлемге түркі тілдес халықтардың мәдениетін таныту болатын. Арнада түрлі музыкалық шоу-бағдарламалар, әуезді хабарлар бар.

Димаштың әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі.

   «Ыстанбұл уақыты бойынша 10:00 – 14:00 және 17:00 – 23:00 аралығында» деп хабарлады телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты. 
 

Сондай-ақ оқыңыз