Биыл қазақстандықтарға тұмаудың үш штаммына қарсы вакцина салынады 

Жарияланды
Халықтың 10%  екпені тегін алады

Биыл қазақстандықтарға тұмаудың үш штаммына қарсы вакцина салынады. Халықтың 10%  екпені тегін алады. 2020 жылы бюджет қаражатына Ресейде шығарған «Гриппол +» вакцинасының 2 млн. астам дозасы сатып алынды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов мәлімдеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы. 

  
Бекеновтың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 500 мыңнан 1 млн. дейін ЖРВИ жағдайы тіркеледі, ЖРВИ-мен ауыратындардың негізгі үлесін – 64,2% 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар COVID-19 байланысты алдағы эпидемиялық маусымға  алаңдап отыр. 

 
   «COVID-19 шалдыққан науқастар әлі де тіркелуде. Ал коронавирус пен тұмау ұқсас. Яғни, екеуі де тыныс алу жүйесі ауруын қоздырады. Екі вирус та жақын байланыс, ауа  арқылы жұғады. Сондықтан жеке гигиенаны сақтау қажет», – деді Жұмабек Бекенов.

 
ЖРВИ мен  тұмаудың эпидемиялық маусымы қазан айында басталып, мамырға дейін жалғасады. Алдағы маусымда Қазақстанда тұмаудың үш штаммы белгіленеді: A (H1N1) – Гуандун-Маонань, A (H3N2) – Гонконг, B-Вашингтон.

Сондай-ақ оқыңыз