Биыл елімізде 69,8 млн. тонна көмір өндірілді

Жарияланды
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1% - ға артық

Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2020 жылдың 8 айында 69,8 млн.тонна көмір (көмір концентратын есептемегенде) өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1% – ға артық (69,1 млн. тонна).  Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қазіргі уақытта көмірді елдің ішкі нарығына төмендегідей жеткізіледі:

– энергия өндіруші кәсіпорындарға 37,0 млн. тонна көмір тиесілі. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2% – ға артық (36,3 млн. тонна);

– өнеркәсіп орындарына 4,0 млн. тонна көмір тиесілі;

– коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 4,6 млн. тонна көмір тиесілі.

Соның негізінде көмір экспорты шамамен 19,0 млн. тоннаны немесе 104% (18,3 млн. тонна) құрады.

Көмірмен қамтамасыз етуге келетін болсақ, 2020 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз етуді (2020 жылғы 1 мамырдан 2021 жылғы сәуірге дейін) құрайды:

– коммуналдық-тұрмыстық сектор 65%;

– халық саны 50,3%
 

Сондай-ақ оқыңыз