Бағдат Қожахметов қатаң карантинге тағы да оралу болжамы туралы айтты

Жарияланды
Шешім қоғамның тәртібіне байланысты болады

Қазақстан күзде қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін бе? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  «Қалай дегенмен қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі де, Үкімет те белгілі бір теріс болжамға бағдар жасап отыр. Ол қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Ұзақмерзімді болжамды қателікке бойалдыру деңгейі өте жоғары. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі қысқа мерзімді апталық, 15 күндік немесе 10 күндік болжамға арқа сүйейді», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, 15 тамызда карантин шараларын жеңілдету жағдайы болды. Одан кейін тамыз айының соңында тағы да карантин шаралары босаңсытылып, бизнесмендер мен кәсіпорындар жұмысына орала бастады. 

 «Карантин шараларының қандай болатындығы, оның күшейтілетіндігі не болмаса жеңілдетілетіндігі біздің қоғамның тәртібіне, жүріс-тұрыс әдебіне тікелей байланысты екендігін атап өткім келеді. Біз санитар дәрігердің талаптарын мүлтіксіз орындап, бірінші кезекте маска тағуымыз, әлеуметтік арақашық сақтауымыз, жабық ғимараттың ішінде көптеп жиналмауымыз керек. Тәртіпке қалай бағынатындығымызға байланысты карантин шаралары қатаңдатылып не болмаса мүлдем алынып тасталуы мүмкін», – деді Бағдат Қожахметов.

 

Сондай-ақ оқыңыз