Автобуста электронды есеп айырысудың арқасында 6 млрд теңге «көлеңкелі айналымнан» шығарылды

Қоғамдық көліктер 70% жаңартылды

Фото: instagram/altay_kulginov_official/

Елорда автобустарында электронды есеп айырысудың арқасында 6 млрд теңге «көлеңкелі айналымнан» шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.  

   "Бүгін Kazan Digital Week халықаралық форумына онлайн қатыстым. Басқа елдердегі әріптестермен бірге интеллектуал транспорт жүйелерін талқылап, тәжірибемізбен бөлістік. Қоғамдық тасымалдың модернизациясы мен цифрлануы - басым бағыттардың бірі. Автобустарды жаңартып қана қоймай, жаңа маршруттар қосып, жол салып, қалалықтардың ыңғайы үшін электронды қарым-қатынас механизмдерін енгізу керек", - деді Алтай Көлгінов. 


Бірінші. Интеллектуал транспорт жүйесін дамыту.
Көше қиылыстарында тұрған бағдаршамдардың 50% адаптив басқару жүйесімен қамтылған. Мұндай технология көлік ағынын автоматты режимде есептеп, бағыттар бойынша шешім қабылдайды. Бұл көлік ағынының жылдамдығын арттырып, жолда жоғалатын орташа уақытты 20% қысқартуға мүмкіндік берді. Жыл аяғына дейін қаладағы көше қиылыстарының 80% осы цифрлы жүйемен қамтитын боламыз. Бұл - тәуліктің қарбалас уақытында түйінді бағыттарға жүктемені азайтады.


Екінші. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Бақылау камералары жол-көлік оқиғаларын 20% қысқартып, өлімге әкеп соғатын жағдайларды 40% азайтуға мүмкіндік берді.

Үшінші. Қоғамдық тасымалды дамыту
Қалалықтардың ыңғайы үшін қаламаңы көлік қатынасын енгіздік (32 елді-мекенге қызмет көрсетіледі); экспресс , sport shuttle bus маршруттар да бар (бұқаралық мәдени шаралар үшін). Тұрғындардың өтініші бойынша 40 маршрутты оңтайландырдық.
Қоғамдық көліктерді 70% астамын жаңартып, жыл басында көшелерге 100 жаңа электр автобустар шықты. Жыл аяғына дейін электр автобустардың тағы бір партиясы шығады.


  "Барлық автобус жолақы төлеудің электронды жүйесімен жабдықталған, бұл карантин кезеңінде індет жұқтыру ықтималдығын азайтты. Электронды есеп айырысуға 100% өтудің арқасында 6 млрд теңге «көлеңкелі айналымнан» шығарылды. Сонымен бірге, қалалықтар автобустардың қай жерде келе жатқанын мобил қосымша арқылы қарап, аялдамалардағы электронды таблолардан көре алады. Автобус жолақтары да нәтижелі болды: автобустардың жолдағы орташа уақыты 15-20% қысқарды. Жолақтардың санын 24-тен 36-ға көбейтпекпіз. Бұл автобусты күту уақытын және 15% азайтады. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді", - деді Көлгінов.
 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif