«Аңсаған сәби» арқылы ЭКО жасатам десеңіз…

Бір балаға зар болған жұптарға бұл — жақсы мүмкіндік

Фото:pixabay.com

2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы қолға алынады. Бүгінде ел бойынша 10 мыңға жуық әйел бедеулік есебінде тұр. Әрбір алтыншы отбасыда  ортада бала жоқ екен. Соның салдарынан ажырасу да көбейген. Тоқаевтың келтірген статистикасы бойынша, ажырасу көрсеткішінде 20 пайызы бала болмағаны үшін екіге кететіні белгілі болып отыр. Осы қиын жағдайды реттеу үшін президент бастамасымен келесі жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы қолға алынбақ. Нәтижесінде экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне бөлінетін квота санын 7 000-ға дейін артады деп жоспарланып отыр.    

Жалпы әлем бойынша ЭКО көмегімен өмірге келген балалар саны 8 миллионнан асқан. Ал Қазақстандағы көрсеткіш — 16 мың шамасында. Жасанды жолмен ұрықтандыруға квота алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын қолға алына бастаған. Ол кезде 100 квота бөлінген. Ал 2020 жылы ол шама он есе көбейіп, 1000 квотаға жеткен. Енді жаңа бағдарламаның арқасында бұл шама тіпті өседі. «Аңсаған сәбидің» арқасында кезекте тұрған отбасылардың 70-80 пайызын қамтуға мүмкіндік тууы тиіс. Мемлекеттік бюджеттен әрбір ЭКО үшін 854 мың теңге бөлінеді. Бірақ оның нәтижелі бола-рына кепілдік жоқ. Жекеменшік клиникаларда бағасы 1 миллион теңгеден басталады.

 Репродуктолог Салтанат Байқошқарова мемлекеттен бөлінетін квотаның қолданылуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қаражат мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, барынша нәтижелі болуы тиіс. 

«Бірінші кезекте ұрығы бар ер мен әйелге арнайы іріктеу арқылы қолданылуы керек. Яғни, біріншіден, жүкті болу ықтималдығы 35-40%-дан кем болмауы шарт. Екіншіден, жас мөлшері де ескерілуі керек. Жасы ұлғайған, шамамен 40 жастағы әйел мұндай көрсеткіш бере алмайды. Онда олар бала сүю бақытына қалай қол жеткізеді?»,– дейді маман.


Квота алу үшін мекенжай бойынша салалық маманға диспансерлік есепке тұру керек. Яғни емханадағы терапевтке бару керек. Кезекке қою үшін арнайы анализдер тапсырып, ЭКО жасатуға болатыны туралы анықтама алу міндетті. Негізі жасанды жолмен ұрықтандыру жасату үшін мынадай себептер болуы тиіс: бір жыл уақыт ішінде емделіп, одан нәтиже шықпаса, яғни бедеулігі кетпесе, жатырдың екі түтікшесі де болмаса, аналық без болмаған жағдайда, түтікшенің бітелуі салдарынан түтікше, түтікше-ішперде бедеулігі болса, 6-12 ай бойы гормон терапиясы жасалғанымен, нәтижесі болмай эндокрин бедеулігі болған кезде және басқа денсаулық жағдайына байланы-сты ЭКО арқылы жүкті болуға болады т.б.

ЭКО жасату үшін некеде болуы міндетті деген шарт жоқ. Яғни денсаулығы жарап, нәтижесі болуы ықтимал екені анықталса, тұрмыс құрмаған қыз-келіншектер жасата алады. Ал енді кімге берілмеуі мүмкін дегенге келсек, жүктілікке кедергі келтіретін қандай да бір ауыр ауруы бар адамдарға берілмейді. Сондай-ақ, соматикалық және психикалық аурулар, туғанынан жатыр деформациясы, ауруы болса, жұмыртқада қатерсіз ісік болса, жатырда қатерсіз ісік болса т.б. болған жағдайда квота ала алмайды. Мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемі аясында бір жылда тек бір рет ЭКО үшін квота беріледі. Жүктілік сәтті болмаған жағдайда қайта кезекке тұру керек.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif