Алматыда балалар кардиохирургиясы орталығынан індеттен жазылған соңғы науқас шығарылды

Жарияланды
Бұл орталықта науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары болған жоқ

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан сауыққан соңғы науқас шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Кеше біз екі жақты пневмониямен ауыратын соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы, және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық», — дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов. 

Естеріңізге сала кетейік, пандемияға байланысты орталықта шілде айынан бастап ЖРВИ немесе Covid-19 белгілері бар пациенттер үшін 25 провизорлық және жұқпалы ауруға 5 төсекке арналған жұқпалы ауру-провизорлық бөлімше ашылған болатын.

Оның жұмысы кезінде 118 науқас емделді, 48 бала қабылданды, оның 20-сы кесарево ота жасалған еді.

Науқастар арасында коронавирустан өлім жағдайлары болған жоқ.
 

Сондай-ақ оқыңыз