Алматы облысында 82 жастағы кейуана бірінші рет жеке куәлік алды

Жыл басынан бері Қазақстан азаматтығына 7508 азамат қабылданды

Polisia.kz сайтынан

Кейуана алғаш рет 82 жасында өзінің алғашқы куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егде жастағы азаматшаға құжатты Алматы облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері табыстады. Одан өзге тағы үш тұрғын өздерінің жеке тұлғаларын алғаш рет ресми түрде тіркеді. Бұдан былай бұл азаматтар Қазақстан Республикасының тең құқылы азаматтары болып саналып, лайықты зейнетақыларын ала алады.

   "Бізге өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған оңалту орталығының қызметкері жүгінді. Ол жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ үш адамның орталықта орналасқанын жеткізді. Бұл адамдардың ешқашан құжаттары болмаған. Кейбірінің тіпті азаматтығы да жоқ еді. Барлық қажетті құжаттарды жинап, тиісті органдарға көптеген сұраныстар жолдай отырып, біз оларға құжаттарды тапсырдық. Енді олар, біздің барлық азаматтарымыз сияқты, мемлекеттік зейнетақыға үміткер бола отырып, күнкөріс үшін қаражат ала алады", – деді Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Елмұрат Нұрсейітов.

Спикер бұл іс-шараның бір реттік акция емес, тұрақты негізде өткізілетін жүйе екенін хабарлады.

   "Сондай-ақ, біз құжаттарды алып кете алмайтын азаматтарға апарып береміз және құжаттауға байланысты туындайтын мәселелерде көмек көрсетеміз. Айта кету керек, жыл басынан бері Қазақстан азаматтығына 7508 азамат қабылданды. 353 адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналды және танылды. Жалпы облыс бойынша жиырма бес мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 159 шетелдік елден шығарылды", – деді Елмұрат Нұрсейітов.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif