35 адамды алдаған күдікті әйел ұсталды

Жәбірленушілерге келтірген шығынның жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады

Фото:Polisia.kz сайты

Қарағандының полиция қызметкерлері 35 адамды алдаған алаяқ-әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Биылғы жылдың маусым айында Қарағанды қаласының ПБ кезекші бөліміне пәтер жалдау жөнінде хабарлама бойынша белгісіз әйелмен телефон арқылы келіскені туралы қала тұрғыны жүгінді. Ол алдын ала 20 мың теңге аударған, бірақ жалға беруші ақшаны алсымен байланысқа шықпай қойған. Осыған ұқсас арыздармен қала полициясына бірнеше кісі жүгінген.

Бір жарым жыл бойы пәтерді жалға беру немесе жиһазды сату сылтаумен, өзінің абоненттік нөмірлерін көрсетіп, интернет парақшасында хабарламалар берген, алайда кепілақыны алсымен арызданушыларды алдап және сенімдерін теріс пайдаланған 27 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны 8 қыркүйек күні Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полициясы қызметкерлерімен ұсталынды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 «Тергеу барысында әйелдің алаяқтық қақпанына 35 адам түскен, ол біздің қаламыздың ғана емес, ішінде Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да алданғаны анықталды. Жәбірленушілерге келтіріген зиянның жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды»,-деп Қарағанды қаласы ПБ бастығы Думан Қожахметов хабарлады. Қарағанды қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардан интернетте қарағылық танытып, күмән тудырған келісімдерден бас тартуларын сұрайды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif