2,4 миллионға жуық қазақстандық біржолғы төлем алды

Өтініштер 1 желтоқсанға дейін қабылданады

Фото: ҚР ЕХӘҚМ ресми сайты

3 қыркүйек сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 607 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 392,2 мың қазақстандық алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде 2 млн 385,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.


МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 607 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
– 834,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 689,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 415,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 667 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
– 0,7 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.


Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 834,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 272,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 500,2 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 397,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 392,2 мың қазақстандыққа аударылды.


Бұған дейін хабарланғандай, МӘСҚ-дан біржолғы төлем алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданды.


Бұдан бұрын бас тарту туралы шешім қабылданған «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау өтініштерін қайта қарау үшін, аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беру керек.


Өтініш беріледі:
Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі. Өз бетінше – өздеріне қатысты әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (оны тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif