Ұлыбританияда пандемия кезінде депрессияға түскендер саны екі есеге дейін артты 

Жарияланды
Пандемия әсіресе 40 жасқа дейінгі адамдарға қатты әсер етуде 

Ұлттық статистика бюросының 500 мың адамға жүргізген сауалнамасына сәйкес, Ұлыбританияда пандемия кезінде депрессия белгілері бар ересектер саны екі есеге дейін, 20 пайызға жуықтаған. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Адамдар ұйқының нашарлығына және тәбетінің төмендеуіне, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуына және алаңдаушылықтың артуына шағымданады.

Пандемия әсіресе 40 жасқа дейінгі адамдарға, әйелдерге, кедейлер мен науқастарға қатты әсер етуде .
 

Сондай-ақ оқыңыз