СҚО полиция қызметкерлері  2 мың бетперде таратты

Жарияланды
Студенттерге “Есірткіге жол жоқ” логотипімен маска таратылды

СҚО полицейлері «Есірткіге жол жоқ» логотипімен студенттерге, көп балалы отбасыларға екі мың бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері акцияны өткізу үшін еріктілермен бірлесе отыра, «Есірткіге жол жоқ» логотипі бар бетперделер дайындады. Оларды халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына: қарт адамдарға, көп балалы отбасыларға, студенттерге таратты. Қарттар мен көпбалалыларға материалдық көмек түріндегі пакеттер берілді. 2018 жылдан бері қала әкімдігінің жастар ресурстық орталығының мүшесі болып келген Самат Бакин, полицейлердің бүгінде сұранысқа ие вирусқа қарсы бетперде сияқты аксессуарға логотип жапсырып таратуды табылған ақыл деп санайды. 

 «Бетперде инфекциядан қорғану ғана емес, сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстануға шақырады», -дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыз