Шымкентте індетпен ахуал тұрақталды 

Жарияланды
Қалада емханалардың жүктемесі 60 пайызға дейін төмендеген

Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкент шаһарында індетке байланысты ахуал жақсарып келеді. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният арнайы жұмыс сапарымен барып нақты нәтижелермен танысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  әуелі бірнеше медициналық нысанды аралап шықты. 
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, емханалардың жүктемесі 60 пайызға дейін төмендеген. Оның ішінде, жансақтау бөліміндегі орындар 66 пайызға дейін босаған. Медицина саласындағы кадр тапшылығын жою үшін өңірлерден мамандар шақырылуда. 

Медицина қызметкерлері  мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға алғыстарын білдірді.  Пандемияға байланысты науқастардың үйіне барып қызмет ету тәжірибесін меңгергендерін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Шымкентте 211 медициналық мобильді топ жұмыс істеп тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз