Полиция жол бойында жалғыз жүрген 2 жасар қыздың анасын тапты

Жарияланды
Қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен

Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен қызды тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы Берік Палходжаев жол бойында екі жас шамасындағы қыздың жалғыз өзі жүргенін көреді. Осы бойынша полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. 

Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен тапсырды. Екі жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы Полиция департаментіне алғысын білдірді. 

Тексеру барысында анықталғандай, анасы үйінде үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде, қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.

 Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған балаларды жеке өзін ешқайда шығармауды, қараусыз қалдырмауды ескертеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз