Пәкістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 17 адам көз жұмды

Жарияланды
Синоптиктердің болжауынша, келесі аптада да жаңбыр қатты жауады

Пәкістандағы Пенджаб провинциясында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 17 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Geo.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның хабарлауынша, үш үйдің шатыры құлап, 15 адам қаза тапқан, 17 тұрғын зардап шеккен. Сонымен қатар, нөсер салдарынан «Касба-Бхал» көмір шахтасында көшкін жүрген, үш адам опат болып, бес тұрғын жарақат алды. 

Синоптиктердің болжауынша, келесі аптада жаңбыр толассыз жауады. Пенджабтың көптеген ірі қалаларында қозғалыс қиындап, электр энергиясын жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін.

 

Сондай-ақ оқыңыз