Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер 3 тамыздан бастап жүре бастайды 

Маска таққан жолаушылар ғана автобуспен қатынай алады 

Фото: Shutterstock

Автобустар сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Елордада қоғамдық көлік 3 тамыздан бастап жүре бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында хабарлады.

  “Карантин кезеңіндегі қоғамдық көлік жұмысының дайындық барысымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады. Жолға тек қаланың ішінде жүретін бағыттар шығады. Ал қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын маршруттар әзірге шықпайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Маскасыз қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, жүргізушілердің де, жолаушылардың да маска режимін сақтауын тексереді. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз жіберуге қатаң тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Пандемия кезінде біздің жүргізушілер медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасымалдады. Жүргізушілер коронавируспен күресуге айтарлықтай үлес қосып жатыр. Бүгін оларды келе жатқан көлік қызметкерлері күнімен құттықтадым. Олардың еңбегінің арқасында қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автопаркті жақсартуға ерекше назар аударамыз: 100 электроавтобус сатып алынды, қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа бағыттар ашылды”,-дейді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg