Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска тігетін кәсіпорын іске қосылды

Кәсіпорын үш маусымда жұмыс істейді

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтынан

Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтанда бір рет қолданылатын медициналық маскалар өндірісі ашылды.


    "10 маусымда бізге құрал-жабдықтар келе бастады. Содан кейін оны әзірлеп, жұмысқа қызметкерлер қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуаты - айына бес миллион маскаға дейін", - деді "Болашақ 2019" ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов. 


Медициналық маскалардың ерекшелігі - сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында үш маусымда жұмыс істейді.

 
"Біз біргеміз" акциясы аясында кәсіпорын №12 қалалық емханаға 5 мың маска жеткізіп берді. Маскалардың жоспарланған бағасы - 55 теңге (көтерме сауда), 60 теңге (бөлшек сауда).


Бетперде сатып алғысы келетіндер "Болашақ 2019" ЖШС (ТМ Bolashak fharma) мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Нұр-Сұлтан қ., Байырқұм көшесі, 15. Телефон нөмірі: 8-701-111-58-64, 8-776-311-58-64, 8-775-672-26-36. 


Елордада басқа да бірқатар кәсіпорындар маска тігумен айналысады. Сонымен қатар, әкімдік шілде айының ортасынан бастап қалаға пневмония, Covid-19 және басқа да ауруларды емдеу үшін 110 тоннаға жуық дәрі-дәрмек жеткізді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg