Нұр-Cұлтанда індеттен 76% науқас емделіп шықты 

Пневмониямен ауыратын адамдар саны бес есе азайды

Фото: Shutterstock

Әкімдікте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің медицина ұйымдарының басшыларымен кеңесі өтті. Кездесу барысында коронавирус инфекциясы бойынша қазіргі ахуал талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

Бүгінгі күні қалада 12 530 КВИ жағдайы тіркеліп, оның ішінде 9 629 адам (76%) емделіп шықты. Карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде емханаларда эпидемиологиялық ахуал жақсарып, пневмониямен сырқаттанушылық төмендегені байқалады. Пневмониямен ауыратын науқастар саны бес есе азайды.

 «Сондай-ақ карантин кезінде, яғни 6 шілдеден бастап стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 4,4 есе азайып, төсек-орын қорының жүктемесі 90%- ан 25%-ға дейін төмендеді. Коронавирус инфекциясы расталып ауруханаға жатқызылғандар саны 4,3 есе азайды. Жедел жәрдем шақыру саны 3 мыңнан мыңға дейін төмендегені байқалады», – делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif