Магистратураға түсуге кешенді тестілеу 17 тамызда басталады

Биыл магистратураға түсуге 38 мыңнан астам адам  ниет білдірді
 

Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы

Магистратураға оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау 19 шілдеде аяқталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.

Биыл 38 мыңнан астам адам кешенді тестілеу тапсыруға ниет білдірді. 2019 жылы магистратураға түсуге тілек білдірушілер саны 30 579 адамды құрады.

13 300 азамат магистратурада еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша мемлекет қаражаты есебінен оқи алады.

Кешенді тестілеу 17 тамызда басталады.

КТ компьютерлік форматта болады.

Әр қатысушы үшін тестілеу дербес өтеді. Тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жіберіп, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады. Тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде аппеляцияға тапсыруға болады. 

Тестілеу уақыты 3 сағат 55 минутты құрайды, тапсырмалар саны 130 болады.
Тестілеуден өту уақыты мен орны туралы ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі (ҚР БҒМ ҰТО сайтында).
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif