Қырғызстан қазақстандықтар үшін шекарасын ашады

Жарияланды
Бұл елге кіру 17 наурыздан бастап жабық болған

Бірқатар елдерде, соның ішінде көрші республикада эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Қырғызстан шетелдік азаматтардың кіруі үшін өз шекарасын ашты.

Бұл тізімге Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Түрікменстан, Бельгия, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, БАӘ, Қытай,Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт, Жапония кірді.

Елге кіру 17 наурыздан бастап жабылды.

Қырғызстанда коронавирустық инфекция және пневмония жағдайлары бойынша 42 703 науқас тіркелген.
 

Сондай-ақ оқыңыз