Коронавируспен ауырған кейбір алматылықтарға 50 мың теңгеден берілуі мүмкін

Алматы қалалық мәслихатының шешімі көпшілік талқысына ұсынылған

Фото: Shutterstock

Алматы қаласының билігі коронавирус және пневмониямен ауырған мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек беруді жоспарлап отыр. Қалалық мәслихат шешімінің жобасы Ашық нормативтік-құжат актілері порталына жүктеліп, қоғам талқысына ұсынылған.

"Алматыда пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" құжат жобасы 10 қыркүйекке дейін талқыланады. Құжат бекітілсе,  коронавирус жұқтырған мұқтаж тұрғындарға 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетіледі. 

«Әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде пневмония және коронавирус індетімен (КВІ) ауырған Қағиданың 15 тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі»,– делінген мәслихат шешімінің қосымшасында. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы әр айдың 5-не дейін пневмония және коронавирус індетімен ауырған тұрғындардың тізімін Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасына ұсынуы тиіс.

Құжаттың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жүктеген түсініктемесінде 50 мың теңгелік көмекпен 850 адамды қамту жоспарланып отырғаны жазылған. Жағдай қиындап кетсе, бұл көмек 5 мың тұрғынға берілуі мүмкін. 

Сонымен қатар, мұқтаж кісілерді тұрақты түрде азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету де қарастырылып жатыр. Құны шамамен 10 мың теңге болатын азық-түлік сауда желілері арқылы таратылады. Бұл шара 120 мың адамды қамтиды. 

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санатына:
 

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;

3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

4) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;

5) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;

6) асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы алатын отбасылар;

7) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты зейнеткерлер;

8) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;

9) аз қамтылған отбасылар жатады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif