Қазақстанға Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды

Өріктен шыққан құрт, басқа жемістерге зиян тигізеді

Фото:ҚР АШМ баспасөз қызметі.

2020 жылдың 6 тамызынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан Қазақстанға Өзбекстан Республикасының аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түріндегі уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізілді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Мұндай шешім Өзбекстаннан келген жемістерде карантиндік объектілерді анықтаудың жиілеп кеткен жағдайынан туындады. 2020 жылдың 24 шілдесінен 1 тамызына дейін өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзудың 18 жағдайы анықталды, оның ішінде 3 жағдайда жемістерде Шығыс көбелегі (Grapholitha tolesta Busck), бір жағдайда – Комсток құрттары (Pseudoccus comstocki (Kuwana) табылды.

Шектеу іс-шаралары бірлестікке мүше мемлекеттерге уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлеу және енгізу құқығы берілген Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56-бабының 4-тармағына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12-қосымшаның 25-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Шығыс жемісі - қауіпті карантиндік зиянкес саналады. Шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие, лавр,  бадамның өсінділері мен жемістеріне 90% дейін зиян келтіруі мүмкін.

Құрттың кемірген жері бұтақтардың кебуіне және өлуіне, жапырақтардың, өсімдік жемістерінің сарғаюы мен құлдырауына әкеледі. Жемістің дәмдік сапасы нашарлай түсуде. Жұқтырған ағаштардың жанында өсетін көкөніс дақылдарына құрт қатты шабуыл жасайды. Қызылша шығыны 35%, картоп – 42% дейін.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif