Қазақстан әлемнің үздік зейнетақы жүйесі бар елінің қатарына енді

Жарияланды (жаңартылды )
Немістің ең ірі сақтандыру компаниясы зерттеу жүргізген

Сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі немістің ең ірі сақтандыру компаниясы Allianz зейнетақы жүйесінің сапасы мен ұлттық зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы туралы есеп дайындады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми телеграм каналы хабарлады.

Allianz Global Pension Report есебінде зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығының алғышарттары, демография және 70 елдің өзара сәйкес келетін зейнетақы төлемдері қолданылды (2020 жылғы наурыздағы мәліметтер).

Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан үздік жиырмалыққа еніп, 3,48 көрсеткішпен ТМД елдері арасында көшбасшы атанды. Бұрынғы КСРО елдерінен Қазақстанның алдында 13-ші орынға ие болған Латвия ғана тұр. Эстония мен Литва сәйкесінше 25 және 27 орындарда орналасқан. Ресей рейтингте 33-ші, ал Украина 56-шы орынға жайғасты.

Швецияның зейнетақы жүйесі ең үздік атанып, 2,91 балл жинады, одан кейін Бельгия – 2,92, Дания – 2,96, Жаңа Зеландия – 3,00, ал АҚШ-тың зейнетақы жүйесі 3,04 ұпаймен үздік бестікті құрады. Сондай-ақ, ондыққа Австралия, Нидерланды, Норвегия, Болгария және Канада енді. 70 елден құралған тізімді Шри-Ланка, БАӘ және Ливан елдері түйіндеді.

Allianz компаниясы өзінің Allianz (API) зейнетақы индексін қолданды, ол жан-жақты талдауға негізделген. Индекс үш шағын топтан тұрады және 1–ден 7 балға дейінгі шкала бойынша бағаланатын 30 түрлі өлшемді қамтиды, мұндағы 1- ең жақсы баға. Шағын топтар бойынша барлық сараланған аралық қорытындыларды жинақтай отырып, API талдауға енген 70 елдің әрқайсысын 1-ден 7 баллға дейін бағалап, тиісті зейнетақы жүйесі туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік береді.

Бірінші шағын топ демографиялық үрдістер мен қаржылық мүмкіндіктер мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, зейнетақыға жұмсалатын мемлекеттік шығындар, халықтың қартаюы және т. б.

Сондай-ақ оқыңыз