Қаскүнем жалғызбасты зейнеткерді тонап, өлтіріп кеткен

Ол зейнеткердің үйінен 2 мың теңге көлемінде ақшадан басқа құнды ештеңе таппаған

Фото: Shutterstock

Ақтөбелік полицейлер Пригородный кентінің тұрғыны 83 жастағы зейнеткердің өлімін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, қайтыс болған адамның көршілері Жедел басқару орталығының телефонына қоңырау шалып, түнде 83 жастағы көршісі қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы “механикалық асфиксия түрінде” зорлық белгілерімен зейнеткердің мәйітін тапты. 

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 57 жастағы ақтөбелік күдікті анықталды. Ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 11 тамызда ол жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіріп, оны тонамақ болған. Зейнеткер шуға оянды, күдікті оны ұрып-соғып, тұншықтырған. Алайда зейнеткердің үйінен ол 1-2 мың теңге көлемінде ақшадан басқа құнды ештеңе таппады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif