Індет жұқтырған тұрғындар оқшаулануға мүмкіндігі болмаса, стационарға өз еркімен жатуы керек

Тұлғаның карантиндік стационарда болуы бюджет есебінен төленеді

Фото: Shutterstock

 «Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданған»- Ж. Бекшин. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

2020 жылдың 3 тамызы сағат 00:00-ден бастап COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Жекелей алғанда, COVID-19 диагнозы расталғандар және ПТР нәтижесі оң көрсеткен азаматтар үйде оқшаулану талаптарын орындаулары міндетті.

Қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері айтуынша, бүгінде өкінішке қарай азаматтар тарапынан үй карантині ережесін бұзу анықталған, үйден шығып кететіндер көп. Қосымша шаралар коронавирус инфекциясының таралуын ескертуге бағытталған.

 «Ауру белгілері жоқ оны таратушы барлық кезде ерекше қауіп төндіреді. Гепатит А жұқтырғандардың өзі 20 адамға дейін жұқтыратыны есімізде. Көбі біз көріп отырғанымыздай, бұл талапты бұзады. Бұл көршілердің жұқтыруына және инфекцияның одан ары тарауына әкелеуі мүмкін. Сол себепті біз вирустың одан ары таралуын жоюда арнайы шаралар қабылдадық», — деп хабарлады Ж. Бекшин. 

Сонымен бірге, ол аталған талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін азаматтарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын атап өтті.

 «Қала тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің тарапымыздан қатаң шаралар қабылданды, бұл шаралар шын мәнінде үй карантиніндегілерге және ПТР нәтижесі оң шыққан ауру белгілері жоқ адамдарға олардың қайта жұқтыруын тоқтатуға бағытталған», — деп толықтырды ол. 

Оқшаулану және басқа адамдардың жұқтырмауы үшін шараларды қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда тұрғындарға Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 жедел телефон нөмірлеріне хабарласу қажет және көрсетілген мекен-жай бойынша өз еркімен карантиндік стационарға жатуы керек. 

COVID-19 диагнозы расталған тұлғаның карантиндік стационарда болуы бюджет есебінен төленеді.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg