Елордада әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға 40 мың теңгеден көмек көрсетілді

Мектеп құралдарын сатып алу үшін

Фото: Shutterstock

Нұр-Сұлтандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тамыз айындағы онлайн жиналыста  хабарлады.

 "Өткен жылы мектеп құралдарын сатып алуға бөлінген сома 30 мың теңге болды. Биыл  ол 40 мың теңгеге дейін артты. Егер отбасында мысалы, 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 680 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Мектептерде  қашықтан оқыту жүргізілетінін ескере отырып, әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды ноутбуктермен, роутерлермен қамтамасыз етуге 6 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, осы санаттағы барлық балаларды қыркүйекте компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз: олар аз қамтылған отбасы балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көп балалы отбасылар. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылатын болады", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif