Елімізде тәулігіне 878 мың дана бетперде шығарылды

Жарияланды
Сонымен қатар 56 050 литр залалсыздандыру құралы шығарылған

2020 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша елімізде тәулігіне 878 мың дана бетперде өндірілді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 677 мың, тігін кәсіпорындары 201 мың дана өндірді. Қоймаларда 6 703 бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.

Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі. Қазіргі кезде бетперделер өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн. данаға жетті.

Залалсыздандыру  құралдарына келсек, ағымдағы жылдың 3 тамызында 56 050 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 343 820 литр бар, ал тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 29 250 литр жөнелтілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз