Елімізде пойыздарда мейрамхана вагондары қайтадан жұмыс істей бастайды

Нысанда санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтау міндетті

Фото: kursiv.kz

Елімізде пойыздарда мейрамхана вагондары қайтадан жұмыс істей бастайды.Көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің тиісті қаулысы қабылданды. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

Атап айтқанда, жолаушылар пойыздарының құрамында асхана әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жолаушыларға алдын-ала тапсырысты жеткізу әдісі бойынша қызметтер ұсынылған жағдайда, мейрамхана вагондарының жұмысы қайта жанданды.

Сонымен қатар, қызметкерлері маска мен қолғап киіп, ауысым алдындағы  дене қызуын өлшеп, тексеруден өтуі керек. Нысанда санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтау міндетті. Дайын тағамды тапсырыс берушіге (жолаушыға) пакет түрінде жеткізу керек.

 «Кемінде 1 метр қашықтық және маска режимі жағдайында жолаушылар пойыз арасында еркін жүре алады, соның ішінде асханаға баруға болады»,-деді көлік бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif