Бетперде мұрын мен ауызды тығыз жауып тұруы тиіс

Жарияланды
Маска – коронавирустың жоғары тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі болады 

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн сұхбат барысында Қазақстандық медициналық үздіксіз белім беру  медициналық университетінің  микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Раушан Тьесова-Бердалина қала тұрғындарын маска режимін сақтауға шақырды. Бұл туралы Алматы қаласының Telegram каналы хабарлады.

«Микроб ағзадан ол шектелетін жерде шығады. Коронавирус – бұл тыныс жолдарының инфекциясы, қоздырушы ауыз қуысы мен мұрын қуысында болады. Сөйлесу кезінде, түшкіргенде, жөтелгенде қоздырушы ауаға шығады. Сол себепті сол себепті әсіресе қоғамдық көлікте маска тағу адам түшкіргенде және жөтелгенде, ауаның ауыз бен мұрынға кірмеуі үшін маска жақсы қорғаныс болып табылады», — деді Раушан Тьесова-Бердалина.

Сонымен бірге, ол масканың тиімділігі үшін оны дұрыс тағу керектігін де айтты. 

 «Масканы да дұрыс тағу керек. Ол мұрын мен ауызды тығыз жауып тұруы тиіс. Жартылай түсірілген маскалар аксессуар ретінде емес, қорғаныш құралы ретінде қолдануы керек», — деп толықтырды инфекционист.

Ол бірреттік маскаларды спирт және басқа да антисептикалық құралдармен өңдеу арқылы көп рет қолдануға болмайтынын айтты. Маскадан шығатын спирт буын жұту мұрынның шырышты қабығына зиян тигізеді. Бірнеше қабаттан тұратын көп реттік матадан тігілген маскалар бар. Негізінен олар 4-6 қабаттан тұрады. Оларды жууға, үтіктеуге және қайтадан таға беруге болады.

Сұхбат барысында Раушан Тьесова-Бердалина қорғаныш мақсатында ғимараттарда, кеңселерде маска тағып, желдетіп отыру керектігін еске салды. 

 «Осыған дейін айтқанымдай вирус 20-30 минут өмір сүреді. Егер желдету, дымқыл тазалық режимі бұзылған болса, вирус 20-30 минуттың ішінде бүкіл ұжымға жұғуы мүмкін. Немесе осы көлік құралындағы барлық жолаушыларға жұғуы мүмкін», — деп толықтырды Раушан Тьесова-Бердалина. 

Одан бөлек, дәрігер маскаларды дұрыс жоюға кеңес береді. Беттен алып, іш жағына қарай орап, оны целлофан қапшыққа салып, қоқыс контейнеріне тастауға қажет. Осылайша инфекцияның таралуын азайтуға болады.

Маска режимін бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылғанын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыз