Алматыда көпбалалы аналарды қолдау мақсатында әлеуметтік тігін цехі іске қосылды

Жарияланды
Цехта көпбалалы аналар тігін ісінің техникасы мен технологиясын үйренеді

Алматы қаласы, Алмалы ауданында әлеуметтік тігін цехы өз жұмысын бастады. Бұл әлеуметтік жоба «Іскер ана» бағдарламасы аясында іске қосылып, көпбалалы аналарға арналған «Бақытты отбасы» орталықтарында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

«Іскер ана» бағдарламасы қала басшысының бастамасымен,  көпбалалы және аз қамтылған аналарға түрлі мәселелерде қолдау және көмек көрсету мақсатында жұмысын бастаған.

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанованың айтуынша, бүгінгі таңда цехта тігу және пішу курстарынан өткен 15 ана жұмыс істей бастады. Жоба — бизнес негіздерін дамытуға, көпбалалы аналарды жұмысқа орналастыруға бағытталған.

Цехта көпбалалы аналар тігін ісінің техникасы мен технологиясын үйренеді. Сұраныстағы тауарларды шығарып, оны нарықта қалай сату керектігін үйрететін маркетингтің негіздерін меңгеретін болады.  

«Жобаның мақсаты — аналарды нарық талаптарына баулу. Тігін ісін негізгі мамандық етіп,  табыс таба алу. Аналар цехтағы жұмыс кестесін өздеріне ыңғайлы етіп жасап алуына болады. Осылайша олар  отбасына уақыт бөлуге мүмкіндігі болады. Мұнда олар тігін ісін одан әрі дамытып, жетілдіріп, нарықта сұранысқа ие өнім шығара алады», — деді ол.

Сонымен қатар, ол әйелдер үшін басты мақсат — жинақталған тәжірибені қолдана отырып, өз ісін ашуға және дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

 «Цехта «Бастау» кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында мемлекеттен 500 мың тг көлемінде грант алған әйелдер де жұмыс істейді. Төтенше жағдайға байланысты олар өз ісін аша алмады. Сондықтан олар қазір осында жұмыс істеп, бизнес құруды үйренуде», — деді А. Бекжанова.

«Жібек-жолы» БО ғимараты тігін цехына қайта жабдықталды. Оны ауданның  кәсіпорындары мен ұйымдары әлеуметтік жауапкершілікті  өздеріне ала отырып, демеушілік жасап, тегін жабдықтап берді.

Елордада еріктілер мектебінде оқу қалай жүргізіледі?
Жалпы, биыл 300-ге жуық ерікті оқыту жоспарланған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланды. Қиын кезеңде адамдарға көмектесуге деген ниет пен ықылас отандастарымызға тән қасиет. Нұр-Сұлтанда кәсіби көмек көрсетуге көмектесетін арнайы мектеп бар.

 «Биыл мектеп онлайн режимге өтті. Соңғы топ 17 тамызда сабақтарын бастады, теориялық сабақтар арнайы бағдарламалар арқылы өткізілді. Сонымен қатар біз студенттерді іс-шаралар кезінде тікелей тәжірибе жинауға шақырамыз», – дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің «Астана жастары» басшысы Шыңғыс Тлеулин.

Жалпы, биыл шамамен 300 ерікті даярлау жоспарланған. Ұйым құрылғалы яғни 2014 жылдан бері, шамамен 2,5 мың адам оқытылды. Еріктілер Арысты қалпына келтіруге атсалысып, пандемия кезінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетті және елордада өткен халықаралық іс-шараларға қатысты.

«Оқу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – бұл барлығы қатысатын кіріспе курс. Онда шамамен он сынып бар: алғашқы медициналық көмек, психологиялық тренингтер және өзін-өзі дамыту тренингтері. Одан кейін волонтерлер үш бағытқа бөлінеді – төтенше жағдай еріктілері, халықаралық еріктілер және әлеуметтік еріктілер. Олардың сол сала бойынша жаттығулар беріп, маман етіп шығарады. Содан кейін үшінші кезең – кейбір жағдайда тікелей практикалық дайындықтан өткізеді», – деп түсіндірді Шыңғыс Тлеулин.
 

Сондай-ақ оқыңыз